Қамсыздық қапы қалдырады

Жылыту маусымы жыл сайын өрт қаупін арттырады. Осы уақытта тұрғындар пештер мен әртүрлі жылыту құрылғысын белсенді пайдаланады. Өрт пайдалану ережелерін бұзудан болады. Пештердегі жарық, тазаланбаған мұржа және шамадан тыс жүктелген электр жүйесі – өрттің негізгі себебі. Құтқарушылар тұрғындарды жылыту жабдықтарын уақытылы дайындауға және тозған электр құрылғыларын пайдаланбауға шақырады.
Апаттардың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі кең көлемді профилактикалық науқан жүргізуде. Рейдтер мен үйлерді аралау кезінде мамандар полиция қызметкерлерімен, еріктілермен және жергілікті әкімшілік қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салу үшін жеке үйлерге барады. Тұрғындардың өтініші бойынша пештер мен мұржалар тексеріледі, ал қандай да бір проблемалар анықталған жағдайда, түзету шаралары бойынша ұсыныстар айтылды. Көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және басқа да әлеуметтік қорғалатын топтарға ерекше назар аударылады.
«Біз оларға жылыту құрылғылары мен электр сымдарын жақсы жұмыс күйінде ұстау қажеттілігін еске саламыз» деп түсіндірді Төтенше жағдайлар министрлігі Өрт сөндіру қызметі комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаев.



