Руханият

Қаламгерлер бас қосты

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы, сондай-ақ «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп, Республика күніне орай «Қаламгер және қоғам» атты дөңгелек үстел өткізді.

Елдік рухты дәріптеу, ұлттық сананы жаңғырту және қазіргі қоғамдағы қаламгердің рухани миссиясы мен азаматтық ұстанымы туралы ой қозғау мақсатында жиынға елорданың зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысып, тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет пен руханияттың өзара ықпалы төңірегінде пікір алмасты.

Дөңгелек үстелдің модераторы Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры, ақын Бауыржан Бабажанұлы филиалдың биыл атқарған жобалары туралы айтып, жұрт жылы қабылдаған «Қаламгер ұстаханасы» сынды жобаларға Астана қаласы әкімдігінің үлкен қолдау көрсеткенін атап өтсе, Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп елордада кітап оқу мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Жиын барысында қаламгерлер қазіргі әдебиеттің қоғамдағы орны, жас жазушылардың шығармашылық ізденістері, рухани құндылықтар мен ұлт болашағы арасындағы байланысты сөз етті. Кездесу соңында қатысушылар Республика күнінің ел тәуелсіздігін нығайтудағы маңызына тоқталып, әдебиет пен өнердің ұлт рухын көтерудегі миссиясы жайында ортақ тұжырым жасады.

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button