Мәдениет

Қаламгер қыздарға құрмет

Синтез театрында Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы ұйымдастырған «Жырмен өрілген нәзіктік» атты әдеби кеш өтті. Зиялы қауым өкілдері, танымал ақындар, қаламгерлер бас қосқан кеште мерекелік әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.

Жиында сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының басшысы Бауыржан Бабажан­ұлы, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, белгілі әдеби сыншы Амангелді Кеңшілікұлы кешке жиналған нәзікжанды арулар қауымын мерекелерімен құттықтады. ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Егеухан Мұқамәди­қызы, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Жанат Әскербекқызы, белгілі жазушы, журналист, қоғам қайраткері Шәрбану Бейсенқызы секілді қаламгерлер кеш соңында өз алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Әдеби-сазды кеш соңында қаламгерлер қауымына гүл шоқтары табыс етілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button