Елорда тынысы
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді

Келесі аптада қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
“Астана қаласы халқының назарына!
Астана қаласы мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 27 маусымда «Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүргізу туралы» тақырыбында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтеді.
Күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен мәселелерді қалалық мәслихат аппаратына жолдауларыңызды сұраймыз”, – делінген хабарламада.