Қалалық инфрақұрылымды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Қалалық инфрақұрылымды дамытудың
өзекті мәселелері бойынша елорда мәслихатында кезектен тыс 45 -сессия өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Күн тәртібіне Астана қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту, Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру, «Астана қаласында №2 Индустриялық парк салу» МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару жөнінде шарттардың жобаларын келісу туралы сұрақтар енгізіліп, қаралды.
-Ескерткіштер, археологиялық нысандар, монументаьды өнер қүрылыстарының маңайын жалға алу мөлшері де бекітілді. Барлық сұрақтар бойынша оң шешімдер қабылданды. Мәселелер алдын — ала көшпелі отырыстарда, бейімді тұрақты комиссияларда және мәслихатта егжей — тегжей талқыланған,- дейді мәслихат депутаты Кендебай Сарыбайұлы.



