Ел тынысы

Қалаларда экобокстар мен фандоматтар кеңінен орнатыла бастады

Елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі. Былтыр оларды қайта өңдеу деңгейі 25,8%-ды құрады. ҚР ЭТРМ Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетовтің айтуынша, жағдайды жақсарту үшін заманауи инфрақұрылым белсенді дамытылуда. Бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтар саласы бойынша 67 жоба мақұлданып, оған 346, 6 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қалаларда экобокстар мен фандоматтар орнатылып жатыр, олар қайта өңделген заттар үшін бонустар төлейді. Мысалы, жеке бизнес Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскеменде пластик пен алюминий жинауға арналған 100-ден астам фандомат орнатылды», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында.

Бұдан басқа, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде қоқысты бөлек жинауға арналған 1000-нан астам экобокс орнатылады. Бұл шаралар полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтуға көмектеседі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button