Елорда тынысы

Қала тұрғындарымен бірлескен турнир

Өткен демалыс күндері Есіл ауданының зейнеткерлері «Времена года» тұрғын үй кешені тұрғындарымен бірлесіп шахмат турнирін өткізді. Мерекелік іс-шара аула клубтарын дамытуға және ұрпақтар сабақтастығын қолдауға арналған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнир ересектер мен жас тұрғындарды біріктіріп, бос уақытты тиімді ұйымдастыру мен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосты. Ең кішкентай қатысушы 8 жастағы аула тұрғыны болды. Төреші Мерғалым Нурумов пен ұйымдастырушы зейнеткерлер ойын барысын мұқият қадағалап, әділ бағалау жүргізді.

Шара ардагерлердің қолдауымен ашылған «Бірлік» клубында өтті. Жеңімпаздар Есіл ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы атынан Алғыс хаттар мен төс белгілермен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button