Қала мен салаМәслихат

Қала нысандарын аралады

Елорда мәслихатының депутаттары муниципалдық мүлікті пайдаланудың тиімділігі мен рентабельділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қала нысандарын аралап, көшпелі кеңес өткізді.

Депутаттар алдымен «Fit­nation» спорт-сауықтыру орталығын аралап, бұқаралық спорттың қолжетімділігі мен инфрақұрылымның жүктемесі мәселелерін талқылады. Мәслихат депутаты Кендебай ­Адамбектің мәліметінше, заманауи кешен 4 мың текше метр аумақты алып отыр. Мұнда арнаулы су бассейні бар, тәулік бойы халыққа қызмет көрсететін нысанның тұрған орны да қолайлы, көлік қоятын орындар да жетерлік. Сонымен қатар депутаттар «Comfort Hotel Astana» қонақүйінің жұмысымен танысып, туризм саласын дамыту, қызмет көрсету деңгейі және нысанның жүктемесін арттыру перспективаларына назар аударды.

Мұнда нысанды орталық жылу жүйесіне қосу маңызды болып отыр. Бұған қоса, Абылай хан даңғылы бойындағы қалалық автотұрақ қарастырылып, оның сұранысқа ие болуы және қаладағы тұрақ орындарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Бұл нысан «City Transportation Systems» ЖШС мен Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қарайды. Жалпы аталмыш кәсіп­орын мен мекемеге қарасты қалада 5 мыңнан астам паркинг бар. Басты мәселе – осындай нысандарды сапалы ұстау. Бұл мәселелер қалалық мәслихаттың көпшілік тыңдауына шығарылды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button