Қоғам

«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті

Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның мақсаты қоғамдағы қайырымдылық, гуманизм және өзара қолдау мәдениетін дамытуға бағытталған. Форум аясында Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойлық жылындағы қайырымдылық қызметінің қорытындылары шығарылып, еліміздің барлық өңірлерінен келген меценаттар «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.

Форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері мен меценаттар қатысты.

Бағдарламаның ерекше бөлігі еліміздің әр өңірінен келген ерекше балалардың қатысуымен өткен концерт болды. Жас әртістер көрермендерге мейірімділікті, достық пен бірлікті бейнелейтін әсерлі шығармашылық нөмірлерін ұсынды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button