Мәдениет

Қайым кітаптарының көрмесі

Астанадағы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында көрнекті ғалым, абайтанушы, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, текстолог, Қазақ КСР гимнінің авторы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» атты кітап көрмесі өтті.

Көрмеде Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы, ғылыми-зерттеу еңбектері, Абай мен Шәкәрім мұрасын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі, қоғамдық қызметі жайлы мол деректер қойылды. Ұлт руханиятына қалтқысыз қызмет еткен тұлғаның тағдырлы өмірі мен шығармашылық мұрасы жас оқырманға кеңінен таныстырылды.

Көрменің негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларымен тереңірек таныстыру, жасөспірімдердің рухани дүниетанымын кеңейту, олардың Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығына деген өзіндік көзқарасын қалыптастыру және еңбектерінің бүгіндегі маңызын ұғындыру.

– Қайым Мұхамедханов – тек ғалым ғана емес, ұлт рухын қорғаған қайсар тұлға. Оның өмірі мен еңбегі жас ұрпаққа адалдықтың, батылдықтың және елге қызмет етудің жарқын үлгісі. Осындай көрмелер арқылы біз балалардың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырамыз, – дейді кітапхана меңгерушісі Галина Көпжасарова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button