Елорда тынысы

Қайсар жеңімпаздардың жарысы

Астана қаласында III Республикалық “QAISAR GAMES” ойындары басталды. “QAISAR GAMES” -қа онкологиялық ауруларды жеңіп шыққан 200-ден астам бүлдіршіндер бірікті. 26-28 қыркүйек күндері өтетін ойындарда жеңіл атлетика, шахмат, үстел теннисі, мини-футбол, жүзу, ұлттық ойындар және шығармашылық шеберлік сабақтары жоспарланған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл сайыс жүлделерді үлестіруді емес, балаларға сенім сыйлап, достықты нығайтып, өмірге қайта бейімделуге мүмкіндік береді. Әр жарыс күні қайсарлықтың, үміттің және болашаққа деген сенімнің көрінісі.

UMC Басқарма төрағасының орынбасары Әйгерім Ағабекқызы “Жыл сайын шамамен 1500 бала онкологиялық аурумен күресіп жатады. Оның 300-ге жуығы бірінші сатыдағы диагноз алады. Ондай қиындыққа кездескенде әрбір адам күйзеліске түседі. Бірақ, біз барлығын жеңіп шығамыз. Оның бәрі біздің қоғамның жемісі деп білемін”-деп ақжарма тілегін айтты.

Ойындардың ашылу салтанаты Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтті. Шараға қатысушылардың қуанышты жүздері, ата-аналардың мақтанышқа толы көздері мен жанкүйерлердің ыстық қолдауы ерекше әсер қалдырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жобаның мақсаты ауыр сырқаттан айыққан балалардың толыққанды өмірге қайта оралуына жағдай жасау. Медициналық емнен кейінгі ең күрделі кезең – әлеуметтік бейімделу. Дәл осы жерде спорт пен шығармашылық балаларға өз күшіне сенуге, жаңа достар табуға көмектеседі.

QAISAR GAMES балалардың жеңісін ғана емес, ата-аналардың төзімін, дәрігерлердің еңбегін, қоғамның қамқорлығын паш ететін үлкен мереке.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button