Ел тынысы

Психологиялық-педагогикалық түзету орталықтарының саны артты

Елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру кеңістігі жыл сайын кеңейіп келеді. Қазіргі таңда Астана қаласында 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 2 оңалту орталығы және аутизм спектріндегі балаларды қолдау мақсатында 2 арнайы орталық жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Жыл сайын бұл мекемелерде 4 000-нан астам бала кешенді түзету көмегін алады.

Инклюзивті бағыттағы жұмысты одан әрі күшейту мақсатында 2025 жылдың сәуір айында елордада №5 психологиялық-педагогикалық түзету орталығы өз жұмысын бастады. Бұл орталық 0 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын, арнайы немесе жалпы біліммен қамтылмаған балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі.

№5 орталық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде келесі санаттағы балалармен жұмыс жүргізеді:
• көру және есту қабілеті бұзылған;
• сөйлеу қабілеті дамымаған немесе тежелген;
• тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар;
• психикалық дамуы кешеуілдеген;
• ақыл-ойында ауытқуы бар;
• мінез-құлқы мен эмоциялық-еріктік салада қиындықтары бар балалар.

Орталықтың жобалық қуаты — 100–150 бала, ал жыл сайынғы қамтылу көлемі — 300–350 бала. Мұнда 9 мамандандырылған кабинет жұмыс істейді. Балалармен логопедтер, дефектологтар, психологтар, бейімделген дене шынықтыру (АФК) мамандары, музыкалық ырғақ нұсқаушылары, сурдопедагог пен тифлопедагогтар жұмыс істейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button