Елорда тынысы

Профилактикалық рейд өтеді

Ертең елордада профилактикалық рейд өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«2025 жылғы 21 қарашада сағат 11.00-де Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлерімен, волонтерлермен бірлесіп Астана қаласының тұрғын секторында профилактикалық рейд өткізеді.

Профилактикалық іс-шара барысында азаматтарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, датчиктер орнатылады және нұсқаулар жүргізіледі.

Жиналу орны: Астана қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 4, № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі» делінген хабарламада.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button