Қоғам

Президенттік орталықта «Ұлы жеңіс мәңгілік жадымызда» іс-шарасы өтті

Президенттік орталықта Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне «Ұлы жеңіс мәңгілік жадымызда» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне «Ұлы жеңіс мәңгілік жадымызда» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарастыПрезиденттік орталығы мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы. Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысындағы халықтардың ұлы ерліктерін өскелең ұрпақтың санасына тоқытып, жадында қалдыру.

«Қазақстанда, ТМД кеңістігіндегі басқа елдер сияқты, сол бір зұлмат жылдардан аман қалған отбасы кемде-кем. Мысалы, майданға аттанған 1 миллион 200 мың қазақстандықтың жартысы ғана оралды. Олар барлық майдандарда қаһармандықпен шайқасты. Сонымен қатар, Қазақстан сенімді тыл болып, әскерді қару-жарақпен, өнеркәсіптік тауарлармен және азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. 10 оқтың 9-ы қазақстандық қорғасыннан жасалды. Жеңіс күніне қатысты тарихи мәнге тоқтала келе, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл – фашизмді жеңген ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн.…» деп атап өтті. Осыған байланысты оның бастамасымен «Айбын» орденінің үш дәрежесіне Сагадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаев есімдері берілді. Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінің 604-әуе базасына екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Сергей Луганскийдің есімі берілді. Біздің қасиетті борышымыз — сол сұрапыл соғыстың сабақтарын әрдайым есте сақтау, бейбітшілік үшін төленген қымбат бағаны ұмытпау және бізге бейбіт аспан сыйлаған ерлердің ерлігін келер ұрпаққа жеткізу», – деді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

Іс-шара барысында «Соғыс туралы еске алу кітабының» үшінші басылымының тұсаукесері өтті, кітапты басып шығаруға ММУ Қазақстандық филиалының студенттері бастамашы болды. Құрметті қонақ ретінде Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың туыстары шақырылды, олар туралы «Еске алу кітабында» айтылады, сондай-ақ іс-шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық топтардың өкілдерінен, профессорлық-оқытушылық құрамнан және студенттерден 100-ге жуық адам қатысты.

«Еске алу кітабы» – бұл Ұлы Отан соғысының қатысушылары – біздің студенттеріміздің туыстары мен жақындары туралы тарихи естелікті сақтау үшін құрылған ММУ-нің Қазақстандық филиалының жобасы. Ол өз аталары мен аталарының ерліктерін сақтап, батырлардың естеліктерін келесі ұрпаққа жеткізетін жастардың алғысы мен құрметіне айналды “, – деді М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович.

Іс-шара барысында сондай-ақ Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абай Тасболатов сөз сөйледі. Сондай-ақ, М.В. Ломоносов атындағы ММУ ректоры Виктор Садовничийдің құттықтау сөзі айтылды.

Кездесу соңында ҚР Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығы ұйымдастырған «Жеңіс дауысы» музыкалық-поэтикалық челленджінің қатысушылары өнер көрсетті. Бұл бастама — Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған шығармаларды насихаттау және тарихи жадымызды сақтау мақсатында ұйымдастырылған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button