Ел тынысы

Президенттік орталықта «Цифрлық этика және жасанды интеллект» семинары өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Цифрлық этика және жасанды интеллект» тақырыбында корпоративтік этика кодексін талқылау және өзектендіру бойынша семинар өтті, деп хабарлайды ,astana-akshamy.kz.

Баяндама жасаған – Әдеп жөніндегі уәкіл, ҚР ПІБ Президенттік орталығы директорының орынбасары Дулат Жүкенов.

Іс-шара аясында жасанды интеллекттің дамуының негізгі аспектілері, соның ішінде дербес деректерді қорғау және цифрлық технологияларды қолдануға байланысты тәуекелдерді азайту мәселелері талқыланды. Басқарудың түрлі салаларында ЖИ енгізу барысында туындайтын этикалық дилеммаларға ерекше назар аударылды.

Семинар ашық диалог форматында өтті, бұл қатысушыларға пікір алмасуға, өзекті сұрақтар қоюға және цифрлық этика саласындағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктер бойынша ортақ түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар технологиялық трансформацияның қарқынды жағдайында этикалық стандарттарды қалыптастыру мен цифрлық мәдениетті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша жасанды интеллектті одан әрі дамыту ашықтық, әділдік және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделген жауапты тәсілмен қатар жүруі тиіс екені атап өтілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button