Қоғам

Президент Жолдауы талқыланды

К. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті қабырғасында Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2025 жылғы Жолдау ерекше сипатқа ие болды -оның негізгі тақырыбы жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар дәуірінде Қазақстанның дамуына арналды. Президент еліміздің басты байлығы енді табиғи ресурстар емес, жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын, білімді, креативті және амбициясы жоғары азаматтар екенін ерекше атап өтті.

2003 жылы құрылған ҚазУТБ тағам, жеңіл және мұнай-химия өнеркәсібі, туризм мен қонақжайлылық индустриясы үшін мамандар даярлайды. Университетте бакалавриат пен магистратура бойынша 7 мыңнан астам студент білім алуда, ал университет жанындағы колледжде 1800 студент оқиды.

Талқылау барысында білім беру жүйесін жаңғырту мен болашақ мамандарды даярлау бағыттарына – деректер талдаушылары, IT-инженерлер, машиналық оқыту, киберқауіпсіздік және цифрлық технологиялар саласындағы мамандарға ерекше назар аударылды.

«Сұрақ-жауап» форматында студенттерге мәслихаттың құрылымы мен рөлі, қалалық бюджеттің қалыптасу ерекшеліктері, алдағы жылдары елордада күтілетін өзгерістер мен жастарға арналған бастамалар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button