Ел тынысы

Президент суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мемлекет басшысы Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты.

Жаңа дата-орталықтағы жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықаралық серіктестермен бірге орнатып, пайдалануға берді.🟦

Жаңа суперкомпьютер кластері FP8 форматында есептеу әдістемесі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікті қамтамасыз ете алады. Есептеу қуаты жағынан Орталық Азия өңіріндегі ең үздігі саналады.🟦

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютердің іске қосылуы еліміздегі негізгі салаларды цифрландыратын маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның цифрлық технологияларды дамытуда айтарлықтай өркендеуіне ықпал етеді.🟦

Суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар пайдалана алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button