Президент қатысуымен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр
Бұл туралы Ақорда хабарлады

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мақсат — елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру үшін жергілікті органдардың жұмысын оңтайландыру. Оның ішінде жаңа Конституция жобасы бар. Форум қатысушылары бірқатар міндеттерді талқылайды.
Бұл — Мәслихаттар интститутын жетілдіру және олардың жергілікті басқару жүйесіндегі рөлін нығайту, қоғамның депутаттық корпусқа сенімін және азаматтармен ашық диалогты арттыру. Мәслихат депутаттарының алғашқы республикалық форумы үш жыл бұрын өткен болатын. Оған 3 мыңдай адам қатысқан. Олардың 2 жарым мыңы — AMANAT партиясының депутаттары.
Бұл алаңда Мәжіліс пен Мәслихат дептутатары заң мәселелері бойынша тәжірибе алмасады.




