Құқық

Полицейлер тұрғындарға есірткі қылмысы үшін қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді

Елордада «Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шараларының айлығы жалғасып жатыр. Осыған байланысты Астана полицейлері тұрғындармен кездесулер өткізіп, қала аумақтарын аралау жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Айлық шаралар Астана прокуратурасының және Полиция департаментінің үйлестіруімен ұйымдастырылуда. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Кездесулер барысында полицейлер есірткіге қатысты құқықбұзушылықтардың және өзге де қылмыстардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты түсіндірді. Әсіресе, есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алуға және оларды сақтау, сату мен қолданғаны үшін заңдағы жауапкершілікті түсіндіруге ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай іс-шаралар халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ есірткі қылмыстарымен және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлермен бірлесе күресуге маңызды үлес қосады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button