Ел тынысыСаясат

Перинаталдық орталықта жаңа Конституция жобасы талқыланды

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК-де Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциядағы жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында конституциялық реформалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін арттыруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.

Әңгіме барысында денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерге ерекше назар аударылды. Конституция адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтіп, әлеуметтік мемлекет қағидатын нақты мазмұнмен толықтырды және азаматтардың денсаулығын қорғауды мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде айқындады.

Конституция – ең алдымен адам өмірі мен денсаулығын қорғау басымдығы. Сондықтан медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету – мемлекеттің стратегиялық міндеті. Конституцияда бекітілген әлеуметтік әділеттілік қағидаттары денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуына берік құқықтық негіз қалайды, – деп атап өтті спикерлер.

– Бізді дәрігер ретінде ең алдымен азаматтардың денсаулығына қатысты тармақтар қызықтырады. Конституция жобасын оқып шықтық, бүгін қонақтардың баяндамасы арқылы заң жобасының негізгі нормалары туралы кеңірек ақпарат алуға мүмкіндік туды. Біз үшін ең бастысы – әйелдер мен балалардың денсаулығы, – деді перинаталдық орталық директоры Сауле Аманбекова.

2027 жылы елордалық перинаталдық орталық өзінің 45 жылдық мерейтойын атап өтеді. Мұнда жыл сайын 8 500-ден 9 000-ға дейін сәби дүниеге келеді. Күніне орта есеппен 20–25 нәресте туылады. Медициналық ұйымның деректеріне сәйкес, 2023–2025 жылдар аралығында мұнда 24 мыңнан астам бала өмірге келген. Стационар 197 төсек-орынға арналған. Орталықта әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге күн сайын медициналық көмек көрсететін 13 бөлімше жұмыс істейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button