Ел тынысы

Педагогикалық ғылыми-зерттеу журналына халықаралық ISSN нөмірі берілді

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» МКҚК «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналы халықаралық ISSN жүйесінде ресми тіркеуден өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

ISSN нөмірі Францияның Париж қаласында орналасқан Халықаралық ISSN орталығы тарапынан берілді. ISSN нөмірінің берілуі журналдың мерзімді басылым ретінде халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды және оны әлемдік ақпараттық-библиографиялық жүйелерде бірегей түрде сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Zertte журналы Оқу-ағарту министрлігінің педагогтердің зерттеушілік қызметі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар реестріне енгізілген.

Журналда жарияланатын мақалалар редакциялық алқа мүшелерінің қатысуымен жүргізілетін қосжақты жабық рецензиялау (double-blind peer review) рәсімінен өтеді. Бұл рәсім жарияланымдардың сапасын, объективтілігін және академиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Журнал редакциясы жарияланым сапасын арттыру және педагогтердің зерттеушілік мәдениетін дамыту бағытындағы жұмысын жалғастырады.
ISSN: 3107-0817

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button