ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Габдушевтың төрағалығымен «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес – құқықтық мемлекет жағдайында адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің институты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Жиынға Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің және білім беру ұйымдарының жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.
Жиын барысында Конституциялық реформаның маңызы, адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін нақтылау және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер кеңінен талқыланды. Отырыс ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, бастаманы қолдайтындарын жеткізді.



