Ел тынысы

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Мәжіліс Парламенттің қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайлы 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы 13 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар 7 номинация бойынша марапатталады. Олар – үздік телевизиялық сюжет, баспа жарияланым, интернет, радио және фото материал.

Өтінімдерді 2024 жылғы 16 маусымға дейін Smimazh@parlam.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің parlam.kz ресми сайтынан немесе 74-63-01, 74-63-05 байланыс телефондары арқылы ала аласыздар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button