«Отбасы Time» жазғы отбасылық фестивалі өтіп жатыр

Астанадағы жаз маусымы отбасылық құндылықтарды насихаттауға және демалысқа қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды мәдени іс-шаралармен өтіп жатыр. Олардың бірі – 1 маусымнан бастап әр демалыс сайын қаладағы танымал алаңдарда өтіп жатқан «Отбасы Time» отбасылық фестивалі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Фестиваль кезекпен үш жерде өтіп жатыр: Қалалық алаң, «Жетісу» саябағы және «Жерұйық» саябағы. Бағдарлама мазмұнды әрі мәдениет, шығармашылық пен отбасылық демалысты біріктіреді.
Жоба аясында ұйымдастырылғандар:
• балалар мен отбасылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламалар;
• тақырыптық шеберлік сабақтары;
• аниматорлық бағдарламалар мен интерактивті аймақтар;
• дамыту ойындары, байқаулар мен викториналар;
• балаларға арналған сыйлықтар мен жағымды тосынсыйлар;
• этномәдени шоулар, би флешмобтары мен ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі әртістердің қойылымдары.
Фестиваль – елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді ашық мәдени кеңістік форматында өтуде. Ол отбасылық дәстүрді нығайтуға, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және мәдени бастамаларды дәріптеуге септігін тигізеді.
Фестиваль аясында 9 және 10 тамыз күндері сағат 15:00-де «Жерұйық» саябағында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ойын-сауық шаралары өтеді.