Қоғам

«Отбасы көмек»  жобасы бастау алды

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Лейла Зинашева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы көмек» әлеуметтікцифрлық жобасының қырсыры туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Спикердің айтуынша, «Отбасы көмек» – бұл азаматтарға неке-отбасы қатынастары саласында, отбасылық жанжалдарды шешу және балалардың құқықтарын қорғау бойынша жедел көмек көрсететін мобильді веб-платформа.

-Жоба аясында мынандай қызмет түрлері ұсынылады: заңгерлік кеңес беру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, отбасыларға жағдайға байланысты кеңес беру, сот ұсынған медиаторлар, психологтар, сарапшылар және басқа да мамандар арқылы жанжалды жағдайлардан шығу бойынша ұсыныстар. Жобаның басты мақсаты – отбасылық дағдарыстарды шешуде кәсіби көмектің қолжетімділігін арттыру, – дейді Лейла Зинашева.

«Отбасы Көмек» веб-сайты қоғамдық ұйым «Kazbrands» қорының қолдауымен және жобаның тәлімгерлері мен волонтерлерінің, соның ішінде цифрлық технологияларды меңгеріп жатқан жас әзірлеушілері мен дизайнерлерінің белсенді қатысуымен әзірленді. Олардың үлесі – әлеуметтік қолдауға арналған цифрлық шешімдерді әзірлеуге азаматтық қоғамның қатысуының жарқын мысалы. «Kazbrands» қорының әзірлеушілер командасы мен «Отбасы көмек» жобасы волонтерлікті, технологиялық бастаманы және белсенді азаматтық ұстаным арқылы қоғамдық өзгерістерге деген ұмтылысты біріктірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button