Ел тынысы

Отбасы банк арқылы жер үй алуға бола ма?

Отбасы банк арқылы жер үй алуға бола ма? Өзге екінші деңгейлі банктердің ипотекалық өнімдеріне қарағанда, бұл қаржы институтының проценттік ставкалары әлдеқайда төмен.  Егер банктің шарттарын орындай алатын болсаңыз және жер үй алуды көздесеңіз, пәтер алуға арналған жинақтау жүйесі бұл нұсқаға да келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жер үй қандай талаптарға сай болуы керек?

Отбасы банкі арқылы несиеге алынатын үй (жер үй) міндетті түрде банк белгілеген кепіл саясатына (залогқа қойылатын талапқа) сай болуға тиіс.

Үйдің өзі қай жылы салынған, қанша уақыт өткен, неден тұрғызылған — сол маңызды. Яғни, құрылыс материалы да банк талаптарына сәйкес келуі керек.

Кепілге қандай үйлер қабылданбайды?

Каркас-қамыстан салынған үйлер. Құрылыстың бұл түрі банк үшін сенімді кепіл бола алмайды. Сосын 1965 жылға дейін салынған үйлер кепілге қабылданбайды.

Кепіл ретінде қабылданатын үйлер:

📍 кірпіштен, монолиттен немесе монолит-каркастан салынған үйлер.

Бұл үйлердің қолданылу мерзімі — 60 жыл. Яғни, 1965 жылдан кейін салынған болуы шарт.

📍 үлкен бетон панельден салынған үйлер.

Бұл үйлердің қолданылу мерзімі — 50 жыл. Яғни, 1975 жылдан кейін салынған болуы шарт.

📍 саман кірпіштен, глинобиттен (топырақтан) салынған үйлер.

Бұл үйлердің қолданылу мерзімі — 25 жыл. Яғни, 2000 жылдан кейін салынған болуы шарт.

Егер жер үй алуды ойлап жүрсеңіз, осыны ескерерсіз. Бірақ, қандай жағдай болмасын, үйдің қай жылы салынғанын, қандай материалдан тұрғызылғанын және банк оны кепілге ала ма, жоқ па — оны нақтылау үшін банк менеджерімен кеңескен жөн.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button