Әлеумет

Отандық тауар өндірушілерге арналған көшпелі танысу сапары

Астана қаласында жол-құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарға көшпелі танысу сапары өтті. Іс-шараға ҚР КМ Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚазжолҒЗИ» АҚ және Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сапардың басты мақсаты – жол саласына қажетті материалдар мен өнімдер өндіретін отандық кәсіпорындардың қызметімен танысу, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселелерін талқылау болды.

Танысу барысында қатысушылар тротуар плиткалары мен абаттандыру элементтерін, топырақты нығайтатын тұрақтандырғыш қоспаларды, жол белгілері мен қозғалысты ұйымдастыруға арналған техникалық құралдарды, жолақ сызуға арналған бояу өнімдерін, тосқауыл қоршаулар мен көктайғаққа қарсы және шаң басуға қарсы реагенттер шығаратын алты мамандандырылған кәсіпорынды аралады.

Көшпелі сапар барысында қатысушылар кәсіпорындардың өндірістік қуаттылықтарымен, технологиялық үдерістерімен және қолданылып жатқан шешімдерімен танысты.

Мұндай форматтағы іс-шаралар мемлекеттік органдар, ғылыми орта және нақты сектор арасындағы тиімді диалог орнатуға мүмкіндік береді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button