Ел тынысы

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды

Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды. Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленіп, мансабындағы ең үздік маусымын өткізе білді, деп хабарлайды, astana-akshamy.kz

Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленіп, мансабындағы ең үздік маусымын өткізе білді.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Әлем кубогының ортасынан басып қатысса да, 1 алтын, 2 қола нәтижесімен жанкүйерлерін қуанта білді. Дмитрий Патанин, Зейнолла Ыдырысов, Алтынхан Темірбек те жүлде алып, резервтің мықты екендігін дәлелдей білді.

Кейінгі жылдағы көрсеткіштеріміз:

2025 жыл– 7 алтын, 4 күміс, 4 қола

2024 жыл – 2 алтын, 2 қола

2023 жыл – 3 алтын, 1 қола

2022 жыл – 2 алтын, 2 күміс

2021 жыл – 1 күміс, 1 қола

2020 жыл – 1 күміс, 2 қола

2018 жыл – 1 алтын

2017 жыл – 1 күміс

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button