Қоғам

Осы апта Astana Media Week 2025 өтеді

Astana Media Week 2025 жаңа уақыт медиа нарығының басты бағыттары – сенім, болмыс және интеллект туралы кәсіби диалог алаңына айналады. Медиа апталық 5–7 қараша күндері Астанада өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі медиа шара, биыл ол «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбы аясында мамандарды, халықаралық серіктестерді және мемлекеттік ұйымдарды біріктіреді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Тоғыз жыл ішінде Astana Media Week Қазақстан мен өңірдің медиа саласының өсіп-өркендеуінің басты алаңына айналды. Ол кәсіби қауымдастықты, реттеуші органдар мен халықаралық серіктестерді біріктіріп келеді. Медиа апталық – журналистиканың болашағы, этика, цифрлық тәуелсіздік және қоғамдағы келісімді нығайтудағы медиа рөлі туралы пікір алмасу алаңы. Үш күн бойы қатысушыларды пленарлық және панельдік сессиялар, жабық питчинг-жобалар мен Euronews, Anadolu Agency, Qazcontent, Yandex, Президенттік телерадиокешені және басқа да жетекші медиаплатформалардан мастер-класстар күтеді.

1-күн: Ұлт және жауапкершілік
Пленарлық сессия: «Жасанды интеллект пен цифрландыру кезеңіндегі журналистиканың жаңа бағыттары: қоғам сенімі және өркендеу»
Панельдік сессия: «Жасанды интеллект дәуіріндегі цифрлық журналистиканың тууы»

Медиа-менеджерлер отырысы: «Медиаэтика – сенімнің іргетасы»
Қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдікұлымен арнайы кездесу
2-күн: Кәсіби шеберлік пен жаңа бетбұрыс
Стриминг нарығы мен контент экономикасы туралы талқылау
PR-панельдік сессия: «Сенім дағдарысы – коммуникацияның жаңа дәуірі ме?»
Euronews және басқа сарапшылардан деректі фильм, жасанды интеллект бойынша мастер-класстар

3-күн: Ұлттық медиа – сенім мен тағылым
Жылдың үздік баспасөз қызметтері мен баспасөз хатшыларын марапаттау
Репутация, имидж және цифрлық коммуникация, деректер журналистикасы және кәсіби біліктілікті арттыру бойынша шеберлік сабақтары
«Үркер» ұлттық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі

Спикерлер қатарында Euronews, Anadolu Agency, TRT Avaz Kanal, «Хабар», «Qazaqstan», Atameken Business, NUR.KZ және Өзбекстан, Түркия, Еуропадан келген сарапшылар бар.
Бөлек сессия стриминг платформалары нарығына арналады. Онда TV+, Кинопоиск, Unico Play, Birge TV, Freedom Media өкілдері қатысады.
Салалық серіктестер қатарында: Qazcontent, Қазмедиа орталығы, Бас редакторлар клубы, Медиа дамыту қоры, PR және медиа кәсіби қауымдастығы.
Мақсатты аудитория: журналистер мен редакторлар, өңірлік БАҚ өкілдері, баспасөз хатшылары мен PR мамандары, министрліктер мен мемлекеттік органдар өкілдері, блогерлер, медиа сарапшылар, продюсерлер, контент-менеджерлер және журналистика факультетінің студенттері.
Екі күн бойы медиаорталық холлында 50 метрлік LED-экранда Astana Media Week 2025 Контент-маркеты өтеді. Бұл жерде жаңа форматтар және халықаралық кооперациялар таныстырылады. Контент-маркет продакшн-компаниялар, дистрибьюторлар мен платформалар арасындағы іскерлік кездесулерге арналған алаң болады. Мұнда жаңа идеялар, пилоттық жобалар және Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай мен Қазақстан нарықтарына арналған бірлескен өндіріс мүмкіндіктері ұсынылады.

Astana Media Week 2025 аясында ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйақылар қарастырылған: үздік сұрақ иелері жетекші стриминг және медиамониторинг компанияларынан жылдық жазылым сертификаттарын және Самарқанға сапар ұтып алады.
Тіркелу astanamediaweek.kz сайтында.
Astana Media Week 2025 – бұл тек кәсіби пікірталас емес, жаңа идеялар, серіктестік пен мүмкіндіктер кеңістігі.
Қосымша ақпарат алу үшін: +7 777 353 1766 (WhatsApp)

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button