Әлеумет

Орындалуы қалай?

Астана қаласының прокуратурасы «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Конституциялық сот шешімдерінің орындалуы мен конституциялық заңдылығын қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Осылайша, ақшалай өндіріп алу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеуге шағым жасау бойынша Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 124-бабының 2-бөлігін қолдану туралы Конституциялық соттың 2024 жылғы 10 қаңтардағы №40 нормативтік қаулысында көрсетілген нормаға келесідей түсіндіру берілген, яғни ақшалай өндіріп алу қолданылған тұлға сот актісі табысталған күннен бастап жоғары тұрған сотқа шағымдануға құқылы. Бұл ретте, аталған тұлғаның заңмен белгіленген мерзімде қолданылған ақшалай өндіріп алуды орындау міндеті сақталады. Ақшалай өндіріп алу, сәйкесінше, ұйғарым табысталған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде төленуі тиіс.

Сонымен қатар заң арқылы ақшалай өндіріп алу қолданылған тұлғаны төлеуден босату, ақшалай өндіріп алу мөлшерін азайту, төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу механизмі де қарастырылған.

Әлия ҚЫСТАУБАЕВА, Астана қаласы ­прокуратурасы ­басқармасының
аға проку­роры, әділет кеңесшісі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button