
Астанада бүгін Орталық референдум комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«2026 жылғы 10 наурызда сағат 15.00-де 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізудің жекелеген мәселелері бойынша Орталық референдум комиссиясының отырысы өтеді.
ОРК отырысынан кейін БАҚ өкілдері үшін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша брифинг өтеді.
БАҚ-тарды аккредиттеу а.ж. 10 наурызда сағат 12.00-ге дейін келесі телефондар бойынша: 8775 607 30 37, 8778 727 11 08 жүргізіледі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, мәжіліс залы, 1-қабат», — делінген хабарламада.



