Ел тынысы

«Ордабасы» мен «Астана» «Қайсардың» қорғаушысына қызығуда

«Ордабасы» мен «Астана» «Қайсардың» қорғаушысына қызығуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жас футболшы жазғы трансферлік кезеңде командасын ауыстыруы мүмкін.

Қазақстан Премьер-лигасының алдыңғы қатарлы клубтары –шымкенттік «Ордабасы» мен елордалық «Астана» «Қайсардың» 18 жастағы қорғаушысы Темірлан Мырзағалиевке қызығушылық танытып отыр.

«Ақтөбе» түлегі биылғы маусымда «қасқырлар» сапында 11 ойын өткізіп, бір голмен көзге түсті. Қорғаныста сенімді ойын көрсетіп жүрген футболшыны лиганың жоғары мақсаттар қоятын клубтары назардан тыс қалдырмады.

Қазіргі таңда «Қайсар» Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 12 турдан кейін 12 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button