Құқық

Оқушыларға құқық бұзушылық түрлері туралы арнайы дәріс өткізілді

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қалалық прокуратура мектеп оқушыларына арнап дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері түсіндіріліп, жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері – алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары және өзге де заңға қайшы әрекеттер бойынша қандай жаза қарастырылғаны туралы ақпарат берілді.

Аталған іс-шараға 9-11 сыныптарда оқитын 130 оқушы қатысты. Оның мақсаты – мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің қылмыстық схемаларға тартылу қаупін азайту және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Қала прокуратурасының мәліметінше, білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыс кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі саналады.

#закони#заңментәртіп

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button