Оқушылар үздік құтқарушылар байқауында сынға түсті

Астаналық оқушылар үздік құтқарушылар байқауында сынға түсті, деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/
Елордада оқушылар арасында жас құтқарушылардың қалалық жарысы өтті.
Іс-шараға қаланың оқу орындарынан алты команда қатысып, әрқайсысы жоғары дайындық деңгейін, іс-қимылдардың үйлесімділігін және тіршілік қауіпсіздігі негіздері жөніндегі білімдерін көрсетті.
Табанды күрестің қорытындысы бойынша №17 мектеп-гимназиясының командасы жеңіске жетті, екінші орынды №13 орта мектептің жас құтқарушылары, ал үшінші орынды №65 мектеп-гимназиясының командасы иеленді, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Жас құтқарушылардың қалалық жарыстары спорт пен оқытуды қалай тиімді біріктіруге болатындығын көрсетті.
Сурет: https://el.kz/storage/storage/element/2025/05/21/mainphoto/155378/1200xauto_YDSAAfvuvgMn6qSr1QFNga4xJPPzT3XrhJ3Az2AE.jpg.webp