Білім

Оқушылар рекорд жасады

Астаналық оқушылар Италияның Рим қаласында өткен халықаралық олимпиадада рекорд жасады.

Fibonacci International Robot Olympiad дүние­жүзілік финалына 18 елден жиналған 623 команда қатысып, логика, инженерия және шығармашылық қабілет бойынша үздіктерді анықтады. 36 жүлде жиынтығы сарапқа салынған әлемдік додада Қазақстан командалары айқын басымдық көрсетіп, жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. Бұл – еліміздің робототехника тарихындағы ең жарқын жетістіктердің бірі. Ең жоғарғы көрсеткіш — Қазақстан иеленген 19 алтын медальдің 17-сін астаналық оқушылар қанжығасына байлады.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button