Ел тынысы

Оқушылар еліміздің теміржол тарихымен танысты

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Сарыарқа ауданының  оқушылары үшін «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының музейіне арнайы экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Экскурсия барысында балалар темір жол саласының қалыптасу тарихымен танысып, сала мамандарының ел дамуына қосқан үлесі жөнінде мол мағлұмат алды. Сонымен қатар, сирек кездесетін экспонаттарды, пойыз макеттері мен әр кезеңдегі теміржолшылардың қызметтік киім үлгілерін тамашалады.
Балалардың ерекше қызығушылығын темір жол саласының маңызды мамандықтары – машинист, кезекші, жолшылар және басқа да мамандар туралы әңгімелер тудырды. Бұл мамандықтардың темір жол жұмысы үшін айрықша маңызға ие екені атап өтілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button