Әлеумет

Оқушылар аналарын мерекемен құттықтады

Аналар күніне орай елордалық мектеп оқушылары онлайн челлендж бастады – олар аналарына арнап видеоқұттықтаулар түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Балалар өлең оқып, ән салып, би биледі, естеліктері мен алғыс сөздерін айтты. Әрбір видеода балалардың махаббат сезіліп тұрды. Видеолардың көбісі шағын фильм ретінде түсірілді, арасында отбасылық және балалық шағындағы фотосуреттер жарияланды.

Видеожазбалар #AlgysAnama, #SpasiboMame, #AnagaQurmet, #АналарКүні хэштегтерімен жарияланды.

«Мен анамның өзіне ғана емес, бұл туралы бәрі білетіндей алғыс айтқым келді», – дейді 7-сынып оқушысы Әлихан.

Мұғалімдер мен ата-аналар мұндай іс-шаралар балаларға аналық махаббатты бағалауға, сезімдерін көрсетуге және отбасымен рухани байланысты сақтауға көмектесетінін атап өтті.

Қазақстанда Аналар күні мерекесі дәстүрлі түрде мамыр айының екінші жексенбісінде тойланады. Биыл мереке 11 мамырға сәйкес келді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button