Ел тынысыСаясат

Онкология орталығындағы кездесу

Елордада еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Алдағы республикалық референдум аясында Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша ақпараттық науқан шеңберіндегі кезекті кездесу Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шарада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері спикер ретінде сөз сөйледі: ҚР Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт, Астана қаласы мәслихатының депутаттары Динара Оразалина мен Салтанат Дженалаева, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың Басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаев, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қызметкерлері.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар және әділеттілік қағидаттарын, заң үстемдігін әрі азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайтуға бағытталған алдағы өзгерістер талқыланды.

Сонымен қатар реформалардың әлеуметтік саланың, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесінің одан әрі дамуына ықпалы, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуының маңызына ерекше назар аударылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button