Ел тынысыСаясат

Олжас Бектенов: Конституциялық реформа еліміздің әлеуетін нығайтып, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың сапасын арттыратыны анық

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында конституциялық реформаның маңызын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз жариялаған конституциялық реформа еліміздің әлеуетін нығайтып, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың сапасын арттыратыны анық. Сондай-ақ ол жаңа сын-қатерлерге бейімделуге мүмкіндік береді.  Сіз Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында орнықты әрі сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді айқындап бердіңіз. Үкімет елімізді ауқымды жаңғыртуға бағытталған мақсат-міндеттерді тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуға дайын, — деді Олжас Бектенов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button