Ел тынысы

Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану мәселесін көтерді

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану мәселесін көтерді. «Балалар мен жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелді» деген ол Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ақмарал Шәріпбайқызы балалардың ішіп-жейтін тамағы – маңызды мәселе. Бізде өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдердің көбісі фастфудқа, энергетикалық сусындарға құмар. Тіпті кей кезде оған тәуелді болып қалады. Осы қауіпке бәріміз бүкіл ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Бұл – өте қауіпті жағдай. Ұсыныстар енгізіңіздер, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы шеңберінде балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігі және әл-ауқаты саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар кешені көзделген. Биылғы 1 ақпанынан бастап барлық білім беру ұйымдарына «тосыннан кіріп келу» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізіледі. Тексерулер балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану сапасына қатысты болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button