Елорда тынысы

Оғыз далалық мәдениетінің іздері»

25 қыркүйекте Ұлттық музейде «Оғыз далалық мәдениетінің іздері» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Көрмеге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Қызылорда облыстық өлкетану музейі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті қорынан жалпы саны 300-ге жуық түпнұсқа жәдігер мен макет қойылды. Олардың көпшілігі Бүкіләлемдік мұра нысандары ретінде жіктелген және ұлттық мәдениетті дәріптеудің маңызды құралы болып табылады.
Экспозиция Жанкент қалашығындағы археологиялық олжалардан бастап VIII–XI ғасырлардағы діни наным-сенімдерді және оғыз тайпаларының мәдени мұрасын қамтиды.
Іс-шара аясында ғылыми семинар ұйымдастырылып, тарихшылар, археологтар, этнологтар және мәдениеттанушылар оғыз мұрасын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылады.
Ғылыми баяндамаларда Оғыз мемлекетінің тарихи дамуы, оның Сыр өңіріндегі мәдени және өркениеттік рөлі, археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тың деректер мен жәдігерлердің маңызы жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ, Жанкент қаласының зерттелуі мен ашылу тарихына қатысты жаңа ғылыми қорытындылар ұсынылды. Семинар жұмысы Оғыз дәуірінің мұрасын зерттеудің қазіргі ғылыми бағыттарын айқындап қана қоймай, археологиялық жәдігерлерді заманауи музейлік тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді.
Экспозицияны 4-қабаттағы Мультимедиа залында 2025 жылдың 25 қазанына дейін тамашалауға болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button