Ел тынысы

Өзбекстанда ҚР архивтерінің күндері басталды

Бұхара қаласында Қазақстан Республикасы архивтерінің Өзбекстандағы күндері басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара бағдарламасы аясында Қазақстан мен Өзбекстан архивтерінде сақталған бірегей тарихи құжаттар негізінде «Тарихи жадыны сақтаған архивтер», «Мәдени мұра және архив қазыналары», «Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи байланыстары архив деректерінде» атты тақырыптық көрмелердің ашылуы өтті.

Сонымен қатар екі елдің ортақ мәдени және тарихи байланысын паш ететін «Архив фотоқұжаттарында Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени ынтымақтастығы» атты бірегей кітап-альбомның тұсауы кесілді.

Қазақстан архившілері мен ғылыми қауымдастық өкілдері «Ақпараттық қоғамдағы архивтердің рөлі мен маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Форумда екі елдің өкілдері архивтерді цифрландыру, құжаттық мұраны сақтау, архив қорларын толықтыру және қолжетімді ету мәселелерін талқылады.

Архив күндері аясында Қазақстан делегациясы Өзбекстан архивтері мен музейлерінің қызметімен танысады.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігі арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі келісімдерді жүзеге асыру туралы 2023–2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button