“Өзбекәлі” драмасының тұсаукесері өтеді
 
						6-7 қараша сағат 16:00 және 19:00-де халқымыздың біртуар перзенті, қайраткер, ұлт жанашыры Өзбекәлі тұлғасына арналған тұңғыш сахналық қойылым “ӨЗБЕКӘЛІ” драмасының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл кеш — асыл мұрамызды дәріптеп, ұрпаққа өнеге болар тағылымды сәт болмақ.
«Өзбекәлі» жобасы – ресми мемлекеттік қаржыландыруға сүйенген театр да, жекеменшік ұжым да емес. Бұл – ел мәдениетіне шынайы жанашырлық танытып, руханиятты өркендетуді мақсат еткен жеке кәсіпкер, жоба жетекшісі Қайрат Кенжебекұлының бастамасымен дүниеге келген ерекше мәдени рухани бастама.
Жобаның басты мұраты – қазақ халқының бай тарихы мен ұлттық рухын, мәдени мұрасын сахнаның көркем тілі арқылы жаңа қырынан таныту. Сонымен бірге бұл бастама – Өзбекәлі Жәнібектің өнегелі өмір жолын жас ұрпақ пен кең жұртшылыққа тереңірек таныстырып, насихаттауға арналған тағылымды еңбек.
Өзбекәлі – тек есім емес, ол – ұлттық идеологияның алтын қазығы.
Мәдени майдан жалғаса берсін!
Жоба жетекшісі: Қайрат Кенжебекұлы
Сценарий авторы: Жандос Құсайынов
Режиссері: Берікқан Төкенов
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жанры: драма
Актерлік құрам: 11 адам
Өтетін жері: Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры
 
				


