Ел тынысы

Өткен 10 айда теміржолмен 380 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында жүк теміржол тасымалы саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ол теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі өсіп келе жатқанын атап өтті. Осы жылдың 10 айында жүктерді тасымалдау көлемі 380,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандаі 7,9%-ға артық.

Digital Trade Coridor сияқты саланы цифрландыру бастамалары транзиттік жүк ағынын арттыруға бағытталған. Электрондық декларациялау және бірыңғай терезе арқылы қызмет көрсету кедергілерді жоюға және халықаралық тасымалдаушылардың сенімін арттыруға ықпал етеді.

«Қазіргі уақытта теміржол саласында 250-ден астам ақпараттық жүйе бар. Саладағы маңызды аспект – цифрлық трансформацияны жүргізу және халықаралық тәжірибені ескере отырып, осы мақсаттағы IT-архитектураны қалыптастыру»,

— деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button