Ел тынысы

Өсімдік майын таңбалау бойынша пилоттық жоба басталады

2025 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда өсімдік майын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі қол қойды. Бұл бастама өсімдік майын өндіру және айналым саласына заманауи цифрлық қадағалау құралдарын енгізуге бағытталған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Пилоттық жоба аясында өсімдік майы және оның фракциялары таңбаланады. Негізгі міндет – ықтимал техникалық және ұйымдастырушылық тәуекелдерді анықтау, жекелеген процестерді жетілдіру қажеттілігін бағалау және міндетті таңбалаудың нормативтік әрі әдістемелік базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Нарық қатысушылары жүйенің функционалын тегін сынақтан өткізе алады, таңбалауды қолданыстағы өндірістік процестерге енгізуді пысықтайды, сондай-ақ таңбалау кодтарын енгізудің әртүрлі тәсілдерін бақылау.

Таңбалаудың мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау, өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес, жеткізілім тізбегінің ашықтығын арттыру және қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту.

Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша Үкімет өсімдік майын міндетті түрде таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button