Әлеумет

Өнерлі әжелердің өнегесі

Наурыз мерекесінің басталуына орай Астанадағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда«Алтын әже – 2026» республикалық байқауы өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқау Ұлттық киім күніне арналып, рухани, мәдени және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ ата-бабадан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлерді сақтауға бағытталды.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген белсенді әрі өнерлі 15 әже қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсетті. Қатысушылар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, сахнада ән айтып, би билеп, түрлі сахналық қойылымдар арқылы қазақы тәрбиенің тереңдігін және отбасылық дәстүрлердің маңыздылығын паш етті. Байқау бес кезеңнен тұрып, әр бөлімде қатысушылардың өнері, шеберлігі мен өмірлік тәжірибесі жан-жақты бағаланды.

Бағдарлама барысында әр әже өз өмір жолы мен тәлім-тәрбиелік тәжірибесімен бөлісіп, көрермендерге даналық пен сабырлылықтың жарқын үлгісін көрсетті.

«Елдің салт-дәстүрін сақтайтын ең алдымен – аналарымыз. Тәрбие де, ұлттық мінез де әжелер арқылы беріледі. Сондықтан бүгінгі іс-шара қазіргі қазақ әжелерінің болмысы мен табиғатын ашуға бағытталған», деді ұйымдатырушы Қазақ аналары дәстүрге жол қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәуле Қабашева.

Сондай- ақ, байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы марапатталып, оларға еліміздің көркем өңірлеріне және шетелдің көрікті жерлеріне жолдамалар табысталмақ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button