Мәдениет

Өнер музейін аралады

Бас қаладағы Өнер музейін еліміздің белгілі зиялы қауым өкілдері арнайы келіп көріп, аралады.

Қонақтар қатарында белгілі жазушы-публицист, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенова, мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, әдебиеттанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахманов, белгілі ғалым, алаштанушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор Ерлан Сыдықов, сондай-ақ Түркиядан келген ғалым, профессор Метин Екичи болды.

Сонымен қатар музейге ақын, сыншы Сұраған Рахметұлы, ғалым Қайрат Сақ, ақын, ғалым Оңайгүл Тұржан, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, қылқалам шебері, Қазақстан және Татарстан Республикаларының Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Камиль Муллашев, сондай-ақ зерттеуші Есен Сафуанов келді. Қонақтар музейдің жұмысымен және экспозиция материалдарымен танысып, өз пікірлерін жеткізді.

 Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button