Руханият

“Өлең – сөздің патшасы”

Елордадағы “Жастар” театрында Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы мен елорданың Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы “Өлең – сөздің патшасы” атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Филиал директоры, қазақтың талантты ақыны Бауыржан Бабажанұлы ашылуында айтқандай, Абайға арналған кешті Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ардакүрең ақын Ғалым Жайлыбай сөз сөйлеп, өлеңімен ашты. Өлең көшін белгілі ақындар Сұраған Рахметұлы, Оңайгүл Тұржан, Маржан Ершу, Әбубәкір Смайыл, Мұхарбек Жәкейұлы, Жанарбек Әшімжан, Батырболат Айт-Болатұлы, Қалқаман Сарин, Толқын Қабылша, Мақпал Мыса, Олжас Сәндібекұлы, Батырхан Сәрсенхан, Ғабиден Қуанышбайұлы, Шапағат Әбдір, т.б ақындар жалғады. Кешті “Көркем” ансамблі қазақтың ұлттық аспаптарымен сүйемелдеп, күй тартып, Абайдың және халық әндерін орындады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button