Ел тынысы

«Объективте – еңбек, жан және табиғат үйлесімі» фотокөрмесі ашылды

Астанадағы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Таза Қазақстан» экожобасы аясында ұйымдастырылған «Объективте – еңбек, жан және табиғат үйлесімі» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде қалалық «Шаттық-2025» шығармашылық жаңалықтар байқауы жеңімпаздарының жұмыстары ұсынылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Шаттық» байқауына қатысқан 60-тан астам оқушы 180 фотожұмысын ұсынды.

№26 мектеп-гимназиясының оқушысы Анжелика Кривец өз фотоларында қаланың ырғақты тынысын және қоршаған ортаға деген қарым-қатынасты көрсетуге тырысқанын айтты. Ал №105 жайлы мектептің 10-сынып оқушысы Ернұр Айболатұлы тарихи сәттер мен заманауи технологиялар арасындағы байланысты суреттері арқылы көрсетуге назар аударған.

Балалар фотожұмысының көрмесі – жас авторлардың қоршаған ортаның сұлулығына, адам еңбегіне және ішкі үйлесімге деген көзқарасының басын қосатын алаң.

Экспозицияда дарынды балалар мен жасөспірімдер арасында өткен фотобайқау жеңімпаздарының келесі үш тақырыптағы үздік жұмыстары ұсынылған:
1. «Қарапайым мамандық – ұлы іс» – еңбектің маңыздылығы мен күнделікті осы әлемді жақсартып жүрген адамдарға деген құрмет;
2. «Табиғат – өмір айнасы» – әлемнің сұлулығы арқылы өз ішіне үңілу, шынайы ашылу;
3. «Сәтті кадр» – шынайы күлкілер, қызықты сәттер мен жүректі елжірететін көріністер арқылы өмірдегі бақытты шақтарды көрсету.

Қатысушылар фотоаппарат объективі арқылы отбасылық құндылықтарды, шабытты сәттерін, табиғатқа деген таңданысты және еңбекке деген құрметті жеткізе білді.

Көрменің мақсаты – балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау, эстетикалық қабылдауды дамыту және адам мен табиғатқа деген құндылық қатынасты қалыптастыру.

ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие

 #чистаястрана #экология

#TazaChallenge @TazaQazaqstan

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button