
Астана қаласында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының өкілдері «НТП KazEcoTech» компаниясының ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«НТП KazEcoTech» – экологиялық технологияларды дамыту және енгізу саласында жұмыс істейтін заманауи кәсіпорын. Компания инновациялық шешімдерді қолдануға, экологиялық стандарттарды сақтауға және отандық өндірісті қолдауға ерекше мән береді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, экологиялық саясатты жетілдіру және кәсіпкерлікті қолдауды күшейту мәселелері түсіндірілді. Әсіресе табиғатты қорғау, өндірістік кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және тұрақты даму қағидаттарын енгізу маңызды тақырып болды.
Кездесу барысында кәсіпкерлерді қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту, инвестициялық ахуалды жақсарту және өнеркәсіп саласын дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, жаңа Конституция жобасының мәні мен маңызын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.



